Модель қыз пәктігін 2,4 миллион долларға сатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Модель қыз пәктігін 2,4 миллион долларға сатты

Модель қыз пәктігін 2,4 миллион долларға сатты

Румынияда өткен жылы күзде пәктігін аукционға қойған модель Александра Кефрен оны сатып алатын адамды тауыпты. Аты аталмаған гонконгтық бизнесмен бұл қызға 2 миллион фунт стерлинг (2,4 миллион доллар) төлеймін деген.

  • 31 Наурыз 2017
  • 3871
Фото - Caravan.kz

Модель сатып алушымен телефон арқылы сөйлесіпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Metro-ға сүйеніп. Олар қонақ үйден орын алып қойған. Ол жерге қызды аукционды ұйымдастырған немістің эскорт-агенттігі алып барады. Қызға төленетін ақшаның 20 пайызы осы агенттікке берілуі керек.

Александра Кефрен. Ziarul de Iasi фотосыАлександра Кефрен. Ziarul de Iasi фотосы

Александраның өзі іш киімдерге жарнама жасаумен айналысады. Ол пәктігін сататынын Ұлыбританиядағы "This Morning" телевизиялық шоуында жария еткен. Модель мұндай қадамға үйден шығарғалы жатқан өз отбасына көмектесу үшін барып отырғанын айтты. Әрі түскен ақшаны оқуына да төлемек екен.

Еуропадағы көрермендердің көбі қыздың мұнысына наразылық білдірді. Әрине, әке-шешесі де үзілді-кесілді қарсы. Олар егер қызы бұл шешімін өзгертпесе, одан теріс айналатынын айтқан.


Александра әке-шешесімен. Facebook фотосы Александра әке-шешесімен. Facebook фотосы

Ал журналистер Александраның отбасын үйден ешкімнің шығарайын деп жатпағанын анықтады. Оның әкесі Тони мен анасы Елена Румыниядағы көптеген жанұяларға қарағанда ауқатты тұрады екен.

 

Соңғы жаңалықтар