Жарияланды: 16100

Молдамен жыныстық қатынасқа түсіп, бедеуліктен арылады екен

Молдамен жыныстық қатынасқа түсіп, бедеуліктен арылады екен

Тәжікстанда дінге қатысты үлкен жанжал шықты. 

Асадулло Ыбрайымов есімді азамат баяғыдан бері Душанбе қаласында бедеуліктен арылдыратын емші ретінде танымал болған. Бірақ бұл кісінің бейнежазбаға түскен емдеу әдістері оны сотқа дейін апарды, - деп хабарлайды Caravan.kz Radioazadlyq порталына сілтеме жасап.

Ол сексуалдық дәмешілдік бойынша айыптауда.

Ең қызығы, Ыбрайымов молдалық қызмет те атқарады. Желіде пайда болған видеожазбада ол емге келген қызды «сауықтырады». Алайда бір қарағанда жасанды порнофильм көріп жатқандай боласыз. Өйткені, молда әйелді шешіндіріп, оның әуретті жерлерін аймалап, сүйіп қана қоймай, «ем» кезінде Құран сүрелерін оқи бастайды.

Видеожазба желіде бірден ең танымал тәжік видеосына айналды. Ал басты кейіпкер «Сиқыршы Молла» деген лақап атқа ие болды. Алайда Ыбрайымовтың отбасы мүшелерінің айтуынша, бұл оқиғаға кінәлі болған – сол емге келген қыз. Молланың жұбайы сексуалды дәмешілдік бойынша айып жазбадағы қызға тағылуы тиіс деп есептейді.

Алайда енді соттың үкімі бойынша молла 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға қалың жұртқа мәлім болып, бүгінде бүкіл тәжік елі осы жайтқа байланысты әлеуметтік желілерде ойларын білдіріп, комментарийлер қалдыруда.

Пікір қалдырыңыз

[X]