Моңғолияның бұрынғы полиция басшысы өлім жазасына кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолияның бұрынғы полиция басшысы өлім жазасына кесілді

Моңғолияның бұрынғы полиция басшысы өлім жазасына кесілді

Қытайдың жоғарғы халықтық соты Ішкі Моңғолия автономдық ауданнның полиция басшысы, бұрынғы саяси кеңесші Чжао Липинді өлім жазасына кесті. Мұның алдында ол жемқорлық пен адам өлтірді деп айыпталған, - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

  • 26 Мамыр 2017
  • 307
Фото - Caravan.kz

ҚХР-дің халықтық жоғарғы прокуратурасы биыл ақпан басында Чжао Липинді адам өлтірді және оқ-дәріні заңсыз сақтады деп айыптаған. Тергеу мәліметі бойынша, бұрынғы шенеунік 2015 жылдың наурызында Чифэн қаласында адамды атып тастаған. Сол жылы ол партия қатарынан шығарылған болатын. 

Липинді өлім жазасына кесу үкімін Шаньси аймағындағы Тайюань қаласының соты шығарған. Сот кезінде шенеуніктің 2008 және 2010 жылдар аралығында 23,7 миллион юань (3,5 миллион доллардай) пара алғаны анықталды. 

Чжао Липин полициядағы қызметімен қоса Ішкі Моңғолиядағы Қытайдың халықтық саяси кеңесі бөлімінің төрағасы болған. 


 

Соңғы жаңалықтар