Мұхтар Тайжан Геройхан Қыстаубаевты сотқа беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Тайжан Геройхан Қыстаубаевты сотқа беретін болды

Мұхтар Тайжан Геройхан Қыстаубаевты сотқа беретін болды

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 1028
Фото - Caravan.kz

Журналист Геройхан Қыстаубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанға қарсы жазбасын жариялады. Онда: «Шеңгелді (Алматы облысындағы ауыл – ред.) дихандары: «Мұхтар біздің 500 тоннадай пиязымыздың ақшасын бермей, алдап кетті. Жыл бойғы еңбегіміздің ақысын қайтарып алуымызға қол ұшын бере аласыз ба?» деген болатын. 500 тонна пияз – орташа бағамен есептегеннің өзінде 35 млн теңге!» делінген.

Бұл ақпаратты Тайжанның өзі үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Ол caravan.kz тілшісіне берген жауабында дихандарды алдамағанын, ал Қыстаубаевты осы жаласы үшін сотқа беретінін айтты. Қоғам белсендісінің ойынша, журналисті әлдебіреулер оған әдейі айдап салып отырған көрінеді. Яғни оның Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде айтқан ойлары біреулерге ұнамай жатқан болуы мүмкін. Геройхан Қыстаубаев Фейсбукте бұған дейін де Мұхтар Тайжанды қаралап жазған болатын.

«Бірінші рет жазғанда, жасы үлкен ғой деп кешіріммен қарадым. Аса назар аударған жоқпын. Ал енді бұның жоғарыдан берген тапсырма бойынша жасалып жатқанын түсініп отырмын. Бұның мақсаты – менің жүйкеме тию. Осы жолы мен Геройханды сотқа беремін. Соттың алдында өзінің жазғаны үшін нақты жауап берсін» дейді Тайжан.


Қыстаубаев осы жолғы жазбасында өзінің одан 3 миллион теңге бопсалағаны да шындыққа жанаспайтынын айтқан. Яғни ол Тайжанға мүлдем басқа мәселемен барғанын баяндапты. «Соны бұл бұрмалап отыр» дегенге келтіреді журналист. Ал қоғам белсендісі «Осыған не дейсіз?» деген сұраққа «Бұл туралы сотта сөйлесеміз» деп қысқа жауап қайтарды.

Соңғы жаңалықтар