Мысырдағы қақтығыс: 50-ден астам әскери қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдағы қақтығыс: 50-ден астам әскери қаза тапты

Мысырдағы қақтығыс: 50-ден астам әскери қаза тапты

Сенбі күні Синай түбегінің солтүстігінде Мысыр қауіпсіздік күштеріне жасалған лаңкестер шабуылынан қаза тапқандар саны 50-ден асты, деп хабарлайды Euronews Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2017
  • 255
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға, мамандардың айтуынша, Пирамидалар еліндегі экстремистердің ең ірі лаңкестік әрекеттерінің бірі болды. Өлтірілгендердің қатарында арнайы жасақтың және Мысыр Ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бар. Қауіпсіздік қызметкерлері Каирден 130 шақырымда, құмды шөлде бұрын Мысырда болған терактілерге қатысы бар лаңкестік ұйымды жою операциясын жүргізіп жатқанда тұтқиылдан жасалған шабуылға тап болған. Қазірде әскерилер мен полицияның біріккен күштері қақтығыс аймағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.



 

Соңғы жаңалықтар