Нартай Дүтбаев Әблязовқа көмектескені үшін тұтқындалған ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нартай Дүтбаев Әблязовқа көмектескені үшін тұтқындалған ба?

Нартай Дүтбаев Әблязовқа көмектескені үшін тұтқындалған ба?

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың тұтқындалуы елді дүрліктіріп жіберді. Ал оған қатысты іс «құпия» деген таңбамен жүргізіліп жатқандықтан, арнайы қызмет экс-басшысының ұсталуының себебі ретінде түрлі болжамдар айтылуда.

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 3292
Фото - Caravan.kz

«КАРАВАН» газетінің редакциясына келіп түскен инсайдерлік ақпарат бойынша, бұл жерде мәселе мемлекеттік құпияны жариялауда ғана емес, Дүтбаевтың қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа көмектескенінде де екен.

«Әблязов пен Дүтбаевтың қарым-қатынасы 2003 жылдан басталады. Ол кезде банкир еліміздің түрмесінде жазасын өтеп жатқан еді. Дүтбаев Мұхтарға өзі барып, оны абақтыдан мерзімінен бұрын босатуға көмектесе алатынын айтқан. Әрі ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сұрапты» дейді дерек көзі.

Әблязов расымен де көп ұзамай-ақ бостандыққа шықты. Оған, сондай-ақ, артық сөз айтпайсың, саясатқа араласпайсың деген шарт қойылған. Әблязов бірнеше жыл бойы үндемеуге тырысып бағады. Бірақ кейін амбициясы алға шығып кеткен. Алайда ол кезде саяси қайраткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты дау-жанжалдан кейін Нартай Дүтбаев ҰҚК төрағалығынан кеткен болатын.

Біраз уақыт жұмыссыз жүрген оны Әблязов «сыйға – сый» ретінде «ҚазАтомӨнеркәсіптің» басшысы Мұхтар Жәкішевке орынбасар етіп орналастырған. Жәкішов ұсталғанан кейін Дүтбаев бұл қызметінен де айырылды. Одан көп ұзамай «Қазақстан инжинирингтің» директоры болып тағайындалды. Соңғы кездері осы компания француздармен арадағы тікұшаққа қатысты дауға іліккен еді. Бірақ Дүтбаевтың ұсталуына бұл да себеп бола алмады.

Дерек көзінің айтуынша, Дүтбаев қайтадан Әблязовпен байланысқа шыққан. «Әблязов Франция түрмесінен шыққаннан кейін Нартай Нұртайұлы тағы да банкир мен билік арасында делдалдық қызмет атқаруды ұйғарған. Арнайы қызметтер осыдан сескеніпті. Оның үстіне соңғы кездері Әблязовтың ғаламторда жариялаған жазбаларындағы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатады. ҰҚК-нің бұрынғы басшысының әлеуметтік желілерде тым белсенді болып кетуі де арнайы қызметтердің назарынан тыс қалмаған. Айтпақшы, Әблязовтың ақшасына келсек, Дүтбаев болысқаны үшін берілуі тиіс соманы мүлдем алмады. Әблязов оны алдап кеткен» дейді дерек көзі.  


Соңғы жаңалықтар