НАТО ДАИШ-ке қарсы әскери шарадан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО ДАИШ-ке қарсы әскери шарадан бас тартты

НАТО ДАИШ-ке қарсы әскери шарадан бас тартты

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Ислам мемлекетіне" (ДАИШ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы әскери операцияға

  • 5 Қазан 2016
  • 714
Фото - Caravan.kz

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Ислам мемлекетіне" (ДАИШ, ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарсы әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

"НАТО әскери операцияға қатыспайды. НАТО қарулы күштерін даярлап жатыр, біз осымен көбірек айналысамыз. Өйткені Ирактың әскери күштері алдағы уақытта ДАИШ-пен НАТО-мен бірігіп операция жүргізгеннен гөрі, өздері күресе алатындай болуы керек", — деді Столтенберг журналистер сұрағына Ауғанстан туралы халықаралық конференция басталар алдында.

Мұның алдында альянс бірнеше рет Сирия мен Ирактағы ДАИШ-ке қарсы операцияға қатыспайтындығын, бірақ, АҚШ басшылығымен әрекет етуші коалицияны қолдайтынын мәлімдеген. Осылайша, альянс коалицияға Сириядағы жағдайды елдің ауа кеңістігіне кірмей-ақ бақылайтын AWACS қашықтық радиолокациялық анықтау ұшағын ұсынады.


 

Соңғы жаңалықтар