НАТО Ресеймен келіссөз жүргізуге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Ресеймен келіссөз жүргізуге ниетті

НАТО Ресеймен келіссөз жүргізуге ниетті

 

  • 5 Шiлде 2016
  • 321
Фото - Caravan.kz

НАТО басшысы Йенс Столтенберг Польшадағы одақ саммиті біткен соң Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

НАТО кеңесі мен Ресей арасындағы соңғы кездесу биыл сәуірде өткен. Екі жылдан кейінгі кездесуде Украинаның шығысындағы жағдай талқыланған еді. Ал 2 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин НАТО-мен диалог құруға ықыластық білдірген.

8-9 шілдеде Варшавада өтетін НАТО саммитінде Польша, Литва, Латвия және Эстония территориясына әскер орналастыру мәселесі талқылады.


Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысындағы жанжалға киліккен соң НАТО мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас қырғиқабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кеткен.

Соңғы жаңалықтар