Жарияланды: 420

Науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлау сәті видеоға түсіп қалды

Науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлау сәті видеоға түсіп қалды

Ақтауда науқас балаларға қор жинауға арналған қаражат жәшігін ұрлау сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Лада". Оқиға 15 наурызда сағат 15:00-де "Волна" сауда үйіндегі "Триумф Актау" дүкенінде болған. Мүгедек балаларға арналған жәшіктің ұрланғаны сәті дүкенде орнатылған бақылау камерасына түсірілген. Дүкен иесінің айтуынша, кассир өнімді алып келу үшін қоймаға кеткен. Залда бір ғана әйел жүрген. Кеңседе өзінен басқа ешкімнің жоқтығына көз жеткізген әйел ақша жатқан жәшікті алып кеткен. Кадрлардан әйелдің жасы 30-40-та екенін аңғаруға болады.

Алайда дүкен иесі полицияға арызданбайтынын айтып отыр. "Бұл азаматшаны табады дегенге сенбеймін. Тапқан күннің өзінде ақшаны жаратып қойған шығар. Біздің мақсатымыз қалада ақша жәшіктерін орнатататын тұрғындарына ескерту. Сақ болу керек және осындай ұры әйелдің барын білсін. Біреу-міреу танып қалар. Достары, туыстары бар шығар", - дейді дүкен иесі Олег.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]