Назарбаев Астанада жоспарланбаған тексеріс жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Астанада жоспарланбаған тексеріс жүргізді

Назарбаев Астанада жоспарланбаған тексеріс жүргізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың нысандарын аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

  • 25 Сәуiр 2017
  • 370
Фото - Caravan.kz

Назарбаев жоспарланбаған жұмыс сапарында елорданың оңтүстік жағалауындағы теміржол вокзалының қызметімен танысып, вокзал алдында қала тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. 

Ол "Сарыарқа" ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, сәттілік пен бақыт тіледі, сондай-ақ қаладағы коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы пікірін сұрады.

"Жас маман болған кезімде, пәтерге 10 жылға таяу кезекте тұрдым. Қазір заман басқа. Күш салмай ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Сәттілікке жету үшін, тер төгіп, еңбектену керек, нәтижесінде еңбектің жемісін көресіздер", — деді Қазақстан Президенті "Сарыарқа" ауданының тұрғындарына.

Назарбаев қаланың қысқы мерзімнен кейінгі жағдайы жақсы екенін атап өтті, сондайқ-ақ, қалалық қызметтердің жұмысын оң бағалап, елордада тазалықты сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін айтты. 

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептелісті және автотұрақтардың аздығын назарға салды. 


"Жолдарда көлік көп. Қала басшылығы осы мәселені шешуі керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибені алуы тиіс. Түрлі ғимараттардың, сауда үйлерінің және дүкендердің иелері әріптестерімен бірге өз территорияларын ретке келтіруі керек", — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындықты өз уақытында жүргізудің маңыздылығын айтып, барлық тұрғынды елорданы көгалдандыруға шақырды.
 

Соңғы жаңалықтар