Назарбаев пен Мирзиеев бірлескен декларацияға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Мирзиеев бірлескен декларацияға қол қойды

Назарбаев пен Мирзиеев бірлескен декларацияға қол қойды

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан

  • 23 Наурыз 2017
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан ары кеңейту және тату көршілікті нығайту туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Құжат Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерінен кейін рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов Өңіраралық ынтымақтастық туралы келісімге, 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясына, Табыспен бірге қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Ал ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ӨР Сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ӨР Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен ӨР Қорғаныс министрі Кабул Бердиев Қорғаныс министрліктері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді.



 

Соңғы жаңалықтар