Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Мемлекет басшысы не себепті қызметтік тәжірибені шыңдау керектігін айтты.

  • 30 Қыркүйек 2016
  • 822
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысында Достық үйіндегі кездесуде президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тәжірибесін не себепті шыңдау керектігін айтты.

Бұл туралы pavlodarnews хабарлайды.

«Жақсы өмір сүру үшін университетті бітіру міндетті емес. Ондай адамдар жер бетінде 2-ақ пайыз», – дейді елбасы.

Президент өзінің болат құюшы мамандығын техникалық училищеде алғанын айтып өтті.

«Қажетті мамандық адамды асырап қана қоймайды, ол тіпті университет дипломынан артық болуы мүмкін. Алғашқы жылдары жастар экономистердің, заңгерлердің мамандығын алуға ұмтылды. Кейіннен сұранысқа ие болмай қалды. Сондықтан жұмыс істеуші мамандарға құрметпен қарау керек», – дейді президент.


«Маған басшысының қоластындағы қызметкерлерді ренжітіп жатқаны ұнамайды. Олай істеуге болмайды», – деп қосты президент.

Сөзінің дәлелі ретінде өз бақытын құлдарына деген құрметінен тапқан Шығыс махараджасын мысалға келтірді.

«Өзіңнен төмен деңгейдегілерге құрметпен, сыпайылықпен қарау керек. Осыдан оның адамшылығын көруге болады», – деді елбасы.

Соңғы жаңалықтар