"Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр..." Отырған қыз "көгілдірлердің" көбейгеніне қапалы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр..." Отырған қыз "көгілдірлердің" көбейгеніне қапалы

"Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр..." Отырған қыз "көгілдірлердің" көбейгеніне қапалы

Қазір әлеуметтік желі баяғы мерзімді баспасөз сияқты қызу пікірталас, мұң шағу, сырласу алаңына айналды. Яғни онда түрлі тағдырлармен танысуға болады.

  • 23 Маусым 2017
  • 2454
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы оқырмандар арасында көп қаралып жатқан түрлі адамдардың басындағы жағдайларды жариялауды жалғастырады. Бүгін де бір жазбаны қаз-қалпында жариялауды жөн көрдік.  

"Ерлердің әлсіздігі ол – бүгінгі қоғамда карьерист қыздардың көбеюі! "Байға неге шықпайсың, байға неге шықпайсың?" деп туа алмай жүрген тауықтай қақылдай бергенше бойдақ жігіттерге неге айтпайсыңдар: "Үйлен!" — деп? Біздің қолымызда билік бар ма?.. Үндістанда, мәселен, қыздың әке-шешесі жігіттің үйіне барып "ұсыныс" айтады. Бізде қай мәселе болмасын, еркектердің – қолында! Ал "еркек" деген атқа сай жұлынып-жұлқынып тұрған азаматымыз қане? Бұдан бірнеше жыл бұрын: "Кім голубой?" деп саусағымызды бүгіп санайтын болсақ, бүгінде: "Тааааак…кім голубой емес?" деп есепті керісінше жүргізетін болдық. "Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр…" деп, ескі әнді жаңаша нұсқада өңдеп айтуға да болады. Жасырын емес қой, шоу-бизнесте қаптап жүргені ондайлардың. Телевизия саласында неге жалғызбасты қыздар көп деген сансыз сұрақтарға жауап та – осы! Жар болар демейміз, ондайлармен «жан-подружка» боп құшақтасып жүреміз. Амал қанша?.. Оны қазір айт не, айтпа не – еркектің құшағынан бір рет жылу тапқан жігіт қайтып табиғи болмысына орала алмайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын парапсихолог Нора Бекмаханова айтқан еді: "С того мира не возвращаются!" деп. Сондықтан көгілдір әлемге кеткендер – кетті біржолата! Ол індеттен аман қалғандар өңкей – ішкіш, клуб жағалағыш, қыз таңдағыш… (бұл тізімге көлік апатынан көз жұмғандарды қосыңыз). Бүтіндей бір ұлттың қамын ойлап, қазақтың санының көбеюіне үлес қосайын деп жанталасып жүргендері шамалы жігіттердің. Сөйте тұра, бейшара қыздарға қырғидай тиеді, құдды бір еріккеннен жалғыз жүргендейміз біз. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, еркектердің өмірі рахат-ей!!! Бойдақ жігіт. Кез-келген ортаның, отырыстың әгүлі"!!! Оған тіпті осылай бойдақ жүргені үшін, қыздарды шертіп жүріп таңдап, олардың сезімдерімен ойнағаны үшін «сері жігіт» деген абыройлы атақ беріп қояды. Бойдақ қыз. Кез-келген отырыста қақпанға түскен киіктің лағындай қорланады. Анауы да тесірейе көз сүзеді, мынауы да… "байым қарап қойды" деп бәйбішелер тырысады, «повод» беріп қоймайын деп бойдақ қыз қипақтап жүреді… атың – кәрі қыз! Бойдақ жігіт. "Үйленбейсің бе?" — деп қалжыңдайды туыс-туған. Бұндай әңгіме, әдетте әзіл формасында жалғасады. "Оу, пәленшенің қызы бар екен…" десе, бұл шырағым шекірейеді: "Ой, қойыңызшы, оның мұрны пұшық, бойы кішкентай, көзі қысық…" — деп. Оған үйдегілер мәз-мейрам болысады: "Өй, тентегім-ай" деп еркелетіп те қояды. Бойдақ қыз. "Байға қашан шығасың?" деп апа-жеңге түгіл айдаладағы адамдар да түртпектей бастайды. Күліп айтпайды, зілді дауыспен бастайды бұндай әңгімені: "Жасың келді ғой, ойланбайсың ба не істеп жүрмін деп?.." Сөз соңында: "Ел не дейді?.. Мынаның қызы отырып қалыпты деп айтады…" Бүкіл әулеттің «позорын» шығарып жүрген адамсың, қысқасы! Бойдақ қыз. "Кәрі қыз ғой… маразм старой девы… отырып қалғандар сондай ашуланшақ болады…" деп екінің бірі саусағын шошайтып көрсетеді. Мына жағыңнан дәрігерің дабыл қағып жатыр: "Тезірек бала көтеруің керек! Уақытың өтіп барады.." деп. Денсаулығыңды да ойлауға міндеттісің, жаман атаққа ілінбеуді де ойлауға міндеттісің… тіпті: "Мен бала тумай, қазақтың саны көбеймей қалатын болды ғой…" деп іштей өзіңді кінәлі сезініп, бүкіл ұлттың үрім-бұтағын ойлап жүруге міндеттісің!.. Бойдақ жігіт. Бар билік өзінде: жалғыздықтан шаршаған күні-ақ: "Ал, үйленейін!!!" деп, бір шүйкебасты келін қып әкеле салады. Бойдақ қыз. "Ал, күйеуге шыға салайын!" деп тойдың қамына кірісе алмайды.

А — "Маған үйленші…" деп айтуға болмайды. "Намек" тастаса – жігіт шошиды…


Б — Бойдақтар батыл қадам жасай алмаса, "жауапкершілікті мойнына алар бір мықты азаматтың тоқалы болайын…" десе, тағы: "Ойбай, ел не дейді, бізді ұятқа қалдырасың…" деп туыс-туған ыршып түседі.

В — "Өзім үшін туып алайын жалғызсырап жүргенше…" десе, тағы шығады: "Ойбай, некесіз бала туып бізді масқара етесің ғой…" Бар ма әділдік???

30-ға келген жігітті шолжаңдатып еркелетесің, қазақ, 30-ға келген қызыңды «кәрі қыз» деп неге шеттетесің?.. 30-ға келген жігітті талтаңдатып-тайраңдатып жүргізіп қоясың, қазақ, 30-ға келген қызыңның тағдырына неге алаңдамайсың?.. 30-ға келген жігітке мақтау сөз айтасың аямай, қазақ, 30-ға келген қызыңды ауыр сөзден неге қорғап қалмайсың?.. 30-ға келген жігітке жауапкершілік артпайсың, қазақ, 30-ға келген қызыңның мойнына неге ауыр міндет жүктейсің?.. 30-ға келген жігіттен сұрамайсың: "Санымыз неге көбеймейді?" деп, қазақ, 30-ға келген қызыңа неге атыла бересің: "Байға шықпай жүрсің…" деп?.. Қорған бол, қызыңа, қазақ! Қорғай алмайды екенсің, ең құрығанда, қорлама!!!

Әйгерім Даниярқызы"

Ал енді осы тақырыпқа тұздық ретінде Камила Жұмабаеваның орындауындағы "Бойдақ қыз" әнін назарларыңызға ұсынамыз. 

Соңғы жаңалықтар