Жарияланды: 530

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен үшін ең қиыны - кадр таңдау

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен үшін ең қиыны - кадр таңдау Сурет - видеодан скриншот

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Бұл кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, Esquire журналының, "ҚазАқпарат" агенттігінің журналистері қатысқан.  

Онда "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп президенттің үкімет басшысын, министрлерді, басқа да шенеуніктерді тағайындау кезінде неге сүйенетіні туралы сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.  

"Жақында ғана тағайындаулар жасадыңыз. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар буын өкілдерін қойдыңыз. Бұл сіздің жас буынға көңіліңіздің толмайтынын білдіре ме? Сонымен бірге, сізде шешім қабылдау деген мәселе бар. Кейбіреуді тағайындайсыз, кейбіреуді орнынан аласыз. Сол кезде олардың сеніміңізден шықпай қалғаны жаныңызға бата ма, батпай ма?" деп сұрады журналист.

"Батады, - деді бірден Нұрсұлтан Назарбаев. - Баяғыда Бұқар жыраудан "Бұл дүниеде сіз үшін ең қиыны не болды?" деп сұраған екен. Сонда ол: "Көш бастау қиын емес, қонатын көл болса, қол бастау қиын емес, қол бастайтын ер болса. Дүниенің ең қиыны - елдің алдына шығып, сөз бастау" депті. Сол сияқты мен үшін де, басқалар үшін де осы кадрларды таңдау ең қиыны. Қателесесің бе, қателеспейсің бе?.. Біліміне қарайсың, тәжірибесіне қарайсың". 

Елбасының республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан үзінді

Posted by AkordaBaspasoz on Thursday, March 16, 2017

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]