Режиссердің айтуынша, кейіпкердің кадр сыртында қалған толғаныс-тебіренісі кітап болып жарық көрмек. Сәбина келіннің образын қағаз бетіне Нұртас Адамбайдың өзі түсірмек.
“Осылайша кинода көрсете алмағанымыздың барлығын қалың оқырманға жеткізбекпін. Оның ішкі ойы, толғаныс-тебіренісі. Кітап “Бүгін 30 қыркүйек. Әдеттегідей кофе ішемін, фитнес пен сұлулық салонына барамын”, – деген сөздермен басталады кітап”, – дейді Нұртас Адамбай.