Жарияланды: 110

Ойыншықтың көптігі баланың миына зиян болып шықты

Ойыншықтың көптігі баланың миына зиян болып шықты

АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо университеті ғалымдары ойыншықтардың тым көптігі балаларда назар жетіспеуі синдромы және басқа да мінез-құлық бұзылуына апарып соғады деген қорытынды жасады.

Ғылыми еңбектің нәтижесі туралы мақала Infant Behaviour and Development журналына шыққан. Бұл туралы Baq.kz  The Telegraph-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге кішкентай жастағы 36 бала қатысқан. Оларды ғалымдар екі бөлмеге бөліп кіргізді. Бір бөлмеде 4, екінші бөлмеде 16 ойыншық болған. Анықталған жағдай, ойыншықтардың тым көптігі салдарынан балалар назарын бір нәрсеге аудара алмаған және ұзақ ойнамаған. Екінші топтағы балалар керісінше беріле ойнаған және креативті болған.

Осыған байланысты ғалымдар ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне және мұғалімдерге ойыншықтарды азайтуға кеңес беріп отыр. Мұның арқасында балалардың қиялы және әлеуметтік ортаға тез бейімделу қасиеті дамиды.

Зерттеушілердің мәліметі бойынша, мәселен Ұлыбританияда орташа статистикалық баланың жүздеген ойыншығы бар, әйтсе де бала олардың тек бірнешеуімен ойнайды.

Назар жетіспеу синдромы – бала кезде пайда болатын мінез-құлық бұзылуы. Оның белгілеріне бір нәрсеге назар сала алмау, гиперактивтік және импульсивтік (сыртқы ахуалдың әсерімен және эмоциялық көңіл-күйдің ықпалымен қалай болса солай әрекет жасау – ред.) жатады. Одан зардап шеккен баланың кейін интеллект деңгейі төмендеуі және ақпарат қабылдауда қиындыққа кезігуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

[X]