Өлім топтарының шартты белгілері мен символдары қандай? - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлім топтарының шартты белгілері мен символдары қандай?

Өлім топтарының шартты белгілері мен символдары қандай?

Соңғы кездері «Синий кит», «тихий дом» сияқты жастарды суицидке итермелейтін «өлім топтары» кең

  • 13 Ақпан 2017
  • 3722
Фото - Caravan.kz

Соңғы кездері «Синий кит», «тихий дом» сияқты жастарды суицидке итермелейтін «өлім топтары» кеңінен жария болды. Көпшілік ата-ана енді ғана осындай атауларға қатаң мән бере бастады. Әйтседе "вконтакте" әлеуметтік желісіндегі өлім топтары бір бұл ғана емес екен. Кейбір ресейлік сарапшылардың пікіріне қарағанда бір мыңнан аса осындай қауіпті топттар бар көрінеді.

Ең бастысы аталған топтардың барлығы дерлік қысқартылған шартты белгілерге ие. Caravan.kz медиа-порталы солардың ең кең таралған бірқатарына үңіліп көрді.

Көптеген топтар атауын Китпен байланыстырады. ("Киты умирают вечером", "Киты не плачут", "Киты плывут вверх").

Ғылымда киттердің өзін өзі жаға лақтырып жан тапсыратыны бұрыннан белгілі. Бірақ оның сырын осы күнге дейін ашылмағаны мәлім. Жасөспірімдер осындай өлім құпиясының тұңғиығына беріліп, шырмауға түседі. Соңынан сыртқы күштердің өз санасын қалай билеп алғанын аңдамай қалады.

Кейбір топар 1642 санын қолданады. Анықтап көрсек дәл осы жылы ағылшын дәрігері Томас Браун медицинада тұңғыш рет «суицид» терминін қолданған екен.

"Разбуди меня в 4:20" барлық дерлік өлім топтары таңертең дәл осы уақытты тапсырма беру үшін таңдап алған. Оның себебі адамның ең қалың ұйқы құшағында жататын кезі. Яғни тапсырма орындау кезінде үйде өзгелердің ештеңені естімей бейхабар болуы үшін таңдалуы мүмкін.

Кейбір топтар жапондық анименің НЯ сөзін қолданады . Тіпті аталған «НЯ» белгісін жекелеген тіркелушілер де өз атына қосып жазуды әдетке айналдырған. ("Ня пока,летит голова", "Ня пока". "В Аду как в Раю)


F57 Бұл белгіні «Синий кит немесе тихий дом сияқты кейбір танымал топтар да қолданады. Бірақ неге осы санның таңдап алынғаны нақты белгісіз. Ондағы жазбаларда «Менің өліміме 50 күн қалды» деген кітап туралы да айтылып қалады. Топтың атауына 50 санын қолдану осыған байланысты болуы да мүмкін.

F58Бұл алдыңғы F57 тобы жабылған соң атауын өзгертіп қайта ашылғандары болуы ықтимал. Белгілісі бұл топтар да балаларды азғыруымен айналысады.

#d28бұл атауын түсініксіз қылып өзгерткен «синий кит» тобының жалғасы

Өлім топтарының тағы бір кең таралған белгісі – көбелек (Бабочка) Әйтседе осы аттас топтарда қазір өзге тақырыптағы жазбалар қалдырылған.

Көбелектің символ етіп алынуына әдемі жәндіктің ғұмыры қысқа болуы себеп болған. Белгісіз топтар жасөспірімдерге қысқа әрі әдемі өмір сүр деген түсінікті сіңіруге тырысады. 

Қазіргі кезде осы топтарға қарсы жұмыс істеп жатқан топтар да бар. Олар қауіпті ойынға қатысушыларды райынан қайтарайық деген ұранды қолданады. (#уничтожим_игру#f57,#f58-антикиты, Мы против игр "беги или умри", синий кит и f57)

Қысқасы өлім топтарының белгілері зиянсыз емес болып шықты. Түрлі құпия символдар арқылы санаға астыртын әсер ету тікелей бұйырғаннан көрі бірнеше есе күшті әсер ететін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар