Оңтүстік Корея ұшақ ішінде тәртіп бұзғандарды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея ұшақ ішінде тәртіп бұзғандарды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді

Оңтүстік Корея ұшақ ішінде тәртіп бұзғандарды тоқпен ұрып тоқтатуға рұқсат берді

Оңтүстік Корея әуекомпанияларының ұшағында тәртіп бұзған жолаушыларды сабасына түсіру үшін бортсеріктерге күш қолдануға, тіпті электр тоғымен ұратын құрылғы пайдануға рұқсат берілді.

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 500
Фото - Caravan.kz


Мұндай шешімге америкалық әнші Ричард Маркстің шағымы себеп болған. Себебі ол 20 желтоқсанда Вьетнамнан Оңтүстік Кореяға сапарында ұшақта белгісіз біреудің шабуылына тап болған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына психикалық ауытқуы бар адамның өзге жолаушылармен қоса жолсеріктерге жұдырық ала жүгіргенін жазды. Айтуынша, әуе көлігіндегі экипаж мүшелері мұндай жағдайға дайын болмай, абдырап қалған. Жағдайды ретке келтіру үшін бортсерік ретінде ер азаматтар алынуда. Оларға мамандар экипаж мүшелерін оқыс оқиға кезінде қалай әрекет ету керектігін үйретіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар