Оңтүстік Қазақстанда дүлей дауыл тұрып, ағаштар құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда дүлей дауыл тұрып, ағаштар құлады

Оңтүстік Қазақстанда дүлей дауыл тұрып, ағаштар құлады

Оңтүстік Қазақстан облысында дүлей жел 30-дан астам ағашты құлатып, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кетті. Дауылдың салдарын жоюға өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің 13 маманы мен 2 техникасы және жергілікті коммуналдық қызметтің 145 қызметкері мен 30 техникасы жұмылдырылды.

  • 30 Мамыр 2017
  • 606
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше күндізгі сағат 14:45-тен 16:00 аралығында өңірде екпіні секундына 21 метрге дейін жел тұрып, салдарынан Шымкент қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы, Арыс аудандарында ғимараттардың шатырларын ұшырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда Арыс қаласындағы №141 «Абай атындағы жалпы білім беретін гимназия-интернатының» спортзалының  150 шаршы метр, Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінің 500 шаршы метр, Бәйдібек ауданы орталығындағы №1 жалпы орта мектеп-интернатының 115 шаршы метр шатыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір аталған аумақтарда арнайы комиссия құрылып, шатырларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал облыс орталығында алапат жел негізінен тұрғын үйлерге зақым келтірді.  Мәселен, Құрсай шағын ауданы мен Қарасу мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің, Өтегенов пен Арғынбеков көшелері қиылысындағы жеке үйдің шатыры ұшқан. Осындай жағдай  Халыққа қызмет көрсету орталығы мен  «Химфарм» зауытының дәрілер қоймасында орын алды. Желден ағаштар түбімен қопарылып, көліктерді басып қалды. Қазір шаһарда табиғат апатынан келген шығын көлемі анықталып жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


Соңғы жаңалықтар