ОҚО-да букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандардың арасында мектеп оқушылары болған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандардың арасында мектеп оқушылары болған

ОҚО-да букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандардың арасында мектеп оқушылары болған

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған 4 күдіктіні ұстады. Олардың екеуі мектеп оқушысы екені анықталды.

  • 21 Шiлде 2016
  • 392
Фото - Caravan.kz


Оқиға осы айдың басында Сарыағаш ауданындағы Ақниет ауылында тіркелген. Түн қатқан қарақшылар букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп қарумен қорқытып, кассадан 90 мың теңгені алып кеткен. Бетперде киген топ мүшелері қарсылық танытпақ болған кеңсе қызметкері мен келушілерге күш қолданған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасы барысында 1995, 1998 жылғы және 1999 жылы туған екі күдіктіні қолға түсірді.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің сол аудандағы мектептердің бірінің оқушылары екені анықталған. Олардан айғақты зат ретінде аңшының шолақ мылтығы тәркіленген. Күдіктілерге қатысты екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі «Қарақшылық» және «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз өткізу, сақтау, тасымалдау немесе қолдану» дерегі бойынша. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасындағылар

 

Соңғы жаңалықтар