Оқушылар бірыңғай мектеп формасын сақтауы тиіс - БҚО білім басқармасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылар бірыңғай мектеп формасын сақтауы тиіс - БҚО білім басқармасы

Оқушылар бірыңғай мектеп формасын сақтауы тиіс - БҚО білім басқармасы

ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен ереже және «Білім туралы» Заң негізінде ата-аналар немесе оқушылар мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

  • 4 Қазан 2017
  • 313
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, осы орайда биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында облыстың барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысы өткізіліп,  бірыңғай мектеп формасына сақтауға қатысты түсінік жұмыстары жүргізілді. Алайда бұл талаптың сақталмауы орын алып отыр. Мысалы, Орал қаласындағы №37 орта мектепте діни наным бойынша орамалдарын тастамаған 13 оқушы 2 қазаннан бастап сабаққа кіргізілмеуде. Осыған байланысты олардың ата-аналарымен түсінік жұмыстары жүргізілуде.  Аталмыш оқиғаны естігеннен кейін қаладағы №30 орта мектептің оқушы қызы орамалды өз еркімен шешті. Дегенмен орамал тағып келу қаланың 20 білім ордасында, Ақжайық, Зеленов (бұл екі ауданда жиырмаға жуық оқушы), сондай-ақ Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі аудандары мектептерінде ішінара кездеседі. Бұлармен де тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатовтың айтуынша, біздің еліміз ҚР Конституциясына сәйкес зайырлы мемлекет болғандықтан, білім беру жүйесінде екі бағыт қалыптасқан. Бірі — зайырлы білім беру, бұл білім беру жүйесіне мектептер, университеттер жатса, екінші — діни білім алу жүйесі, бұған еліміздегі медреселерді, теологиялық бағыттағы білім беретін жоғары оқу орындарын жатқызуға болады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңның 3-бабы 7-тармағында «ешкім өзінің діни сенім-нанымдары бойынша Конституцияда және өзге де заңдарда белгіленген міндеттерді орындаудан  бас тартуға құқы жоқ» деп көрсетілген. ҚР кез келген азаматы орта білім алуға міндетті. Соған байланысты қоғамның кез келген мүшесі заңнамада белгіленген талаптарды орындауы тиіс.

Брифингте БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Светлана Бахишева білім саласындағы нормативтік құжаттар туралы толық ақпарат берді.

— ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 4 қаңтарында бекіткен мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар ережесінің ІІ тарауының 5-тармағында мектептегі ұлдар мен қыздар формасы, мерекелік, спорттық шараларда киілетін киім үлгісі нақты көрсетілген. Қазіргі қоғамда көтеріліп отырған күрделі мәселенің бірі — мектепке орамал тағып келу. Мектепке орамал тағу аталған ереженің талабында көрсетілмеген. Осы жерде бұл ережені барлық ата-аналар біле ме деген сауал туындайды. Аталған бұйрықтың бір тармағы бар. Онда көрсетілген киім үлгілеріне ата-аналар кеңесі өздерінің киім үлгісін енгізуге құқығы бар. Әр мектеп бұйрыққа сәйкес ата-аналар кеңесі немесе қамқорлық кеңесінде мектеп жарғысын өзгерте отырып, осы үлгіні қабылдай алады. Қабылданғаннан кейін мектептің ата-аналары әр сынып бойынша хабарлап, ақпараттандыруы тиіс. Мектеп формасына қатысты мәселелер туындаған жағдайда мектептің ата-аналар кеңесі талқылайды.


Сондай-ақ «Білім туралы» Заңның 49-бабында ата-аналар  мен заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Онда «Ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» делінген. Сондықтан ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымдарының талаптарын орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 409-бабының 209-тармағы бойынша 10  айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, аталған Кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналарға өздерінің міндеттерін толық орындамаған жағдайда әкімшілік шаралар алынатын болады, — деді Светлана Меңдіғалиқызы.

 

Соңғы жаңалықтар