Жарияланды: 2000

Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды

Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды

Оралда Volkswagen көлігі жол жөндеушінің бірін қағып өлтірді.

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Volkswagen көлігі екі жөндеушіні қағып кетті.Оның бірі сол жерде мерт болды. Екіншісі емханаға жеткізілді. Жол жөндеушілерге техникалық қауіпсіздік туралы ақпарат айтылғаны белгісіз.

Жүргізушінің айтуынша, ол баласын бала-бақшаға апара жатқан. Ұлы көліктің артқы орындығында отырған. Әкесі дәл көпірдің үстінен өтіп бара жатқанда ұлы алдыңғы орнына ауыспақ болыпты. Осы кезде ұлына алаңдап отырған жүргізуші көлікті игере алмай қалған. Осылайша біреудің шалт қимылы бір адамды ажал құштырды.

Закрыть