Оралмандар монша, мәдениет, өркениеттен жұрдай деген қыз сотқа тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралмандар монша, мәдениет, өркениеттен жұрдай деген қыз сотқа тартылуы мүмкін

Оралмандар монша, мәдениет, өркениеттен жұрдай деген қыз сотқа тартылуы мүмкін

Гала Бақтыбаева есімді белсенді шеттен келген қандастарды қорлап, әлеуметтік желіге жағымсыз пікір жазған қызды заң алдында жауапқа тарт

  • 25 Сәуiр 2017
  • 32752
Фото - Caravan.kz

Гала Бақтыбаева есімді белсенді шеттен келген қандастарды қорлап, әлеуметтік желіге жағымсыз пікір жазған қызды заң алдында жауапқа тартуды көздеп отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Мұндай қадамға амалсыз бел буғанын Г.Бақтыбаева  фейсбукте жазды. Нақтырақ айтқанда Бағлан Божбанова есімді қыздың желіде жазғандары себеп болыпты.

Армысыздар!!!

Ал жолымды беріп Алла Қазақ елінің ұрпағына сын келмейтіндей өмір сүруді нәсіп етсін. Әумин!

Алматылықтар ертең кеңсемнің мекен жайын жазамын. Алматыдағы, қалған алыста келе алмай отырған кісілерден фейсбук арқылы қол жинаймын ертең. Бәрінің қолынан келеді ауызға не келсе соны айту, алайда Заңмен артық сөзсіз шешкен мың есе абзал. Өзбекстан Қазағы, Моңғолия Қазағы, Қытай Қазағы деген Қазақ жоқ. Әлемде бір ғана Қазақ бар, депті Гала Бақтыбаева бірінші жазбасында.


Осы сөздері көзі шалған Гала Бақтыбаева оған бірнеше мәрте ескерту жасаған секілді.

Әййй сіңілім, Оралманмен ойнама!
Тарихты егер білмесең!
Бостан босқа сайрама!
Өзім сені сотқа беріп!
Заң алдында жүздесем!

Оралманға қарсы болғаның өзіңнің туған бауырыңа қарсы болғаның, бұл сөзіңмен жүрегіңмен пейіліңнің тарлығын көрсеттің. Елбасы шақырды, келдік квотаны алдық, сенен нан сұрап келген жоқпыз. Сіңілім менің намысыма қатты тидің. Мен Қарағандылықпын, арнайы Алматы барамын сен үшін. Заң алдында сотта кездескенше, деп тағы да жазады Бақтыбаева.

Дегенмен, оның бұл ісіне қатысты көпшілік түрлі пікірлер айтуда. Басым бөлігі дұрыс, қолдаймыз десе, бірқатары ақылға келуді, қазақ пен қазақтың соттасқаны жарамайды деген мағынада пікір қалдырған.

Соңғы жаңалықтар