Оралмандарды "ұрғаны бар" Мамашев енді "басымды қатырмашы" деп тілшінің микрофонын қағып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралмандарды "ұрғаны бар" Мамашев енді "басымды қатырмашы" деп тілшінің микрофонын қағып жіберді

Оралмандарды "ұрғаны бар" Мамашев енді "басымды қатырмашы" деп тілшінің микрофонын қағып жіберді

Бүгін басталған Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы қарсаңында ақпарат құралдарында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қазіргі басшылығына, әсіресе, төрағаның бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың өзіне қатысты сын жиі айтылған еді.

  • 23 Маусым 2017
  • 14619
Фото - Caravan.kz

Осыған ызаланған болуы керек, кезінде оралмандарға қатысты "ұрғаным бар" деп салған ол енді журналиске доқ көрсетті. Бұл жағдай Мамашев пен "Азаттық" тілшісі арасында болған. Онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Шыңжаң қазақтарының қамалып жатқанына байланысты сұрақ қойған журналиске "басымды қатырмашы" деп микрофонын қағып жіберді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.  

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО көрмесі аясында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы 25 маусымға дейін жалғасады. Бұл жиынға 750 делегат қатыспақ. Оның 350-і әлемнің 39 елінен келген.


Талғат Мамашев жақында "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында "Жиында шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, қазақ жастарын Қазақстанға оқуға шақыру, қандастарға басқа да көмек көрсету сияқты түрлі мәселелер талқыланбақ. Басты мақсат – шетел қазақтарының Қазақстанға деген қызығушылығын арттырып, елге шақыру, көшіп келуге ынталандыру, олардың неге мұқтаж екенін білу" деген еді. 
 

   

Соңғы жаңалықтар