Өскеменде күдіктіні аяусыз азаптағаны үшін сотталған бес полицейді ақтауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде күдіктіні аяусыз азаптағаны үшін сотталған бес полицейді ақтауды сұрады

Өскеменде күдіктіні аяусыз азаптағаны үшін сотталған бес полицейді ақтауды сұрады

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасында азаптау айыбымен сотталған бес полиция қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Өскемен қалалық соты 1 шілдеде оларды кісі азаптады деп айыптап, әрқайсысын үш жылға соттау туралы үкім шығарған.

  • 10 Тамыз 2017
  • 250
Фото - Caravan.kz

Сот үкіміне сәйкес, Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының Үлбі бөліміндегі бес полицей жәбірленуші Ербол Қасеновтың қолын арқанмен байлап, еденге жатқызып, екеуі оның аяғына отырған, тағы бір полицей басына полиэтилен пакетін кигізіп, тұншықтырған. Олар сол арқылы Қасеновке қылмысты мойындауын талап еткен. Іс материалдары бойынша, Қасенов "қылмысын" мойындап, ұрлық жасағаны үшін үш жарым жылға сотталып кеткен.

Полицейлерге үкім шығарылған соң облыстық прокуратура қарсылық білдіріп, оларды ақтап шығуын сұрады. Сотталушылардың адвокаттары олардың әрекеттерін дәлелдейтін заттай айғақ жоқ деп есептейді.

Сот үкімінен соң Үлбі бөлімшесіндегі ондаған полиция қызметкері облыстық прокуратура алдында наразылық акциясын өткізді.


— Әуелі айыптап, артынан ақтауды сұрайды. Бұл мен үшін — нонсенс. Сот айыптау үкімін шығарып, прокуратураның оларды төрт жарым жылға соттауды сұрайды да, кейін сотқа келіп "Кешіріңіздер, барлық дәлелдерді дұрыс емес деп тануды, бұл адамдарды ақтауды сұраймыз" дейді. Сонда тінтулер жүргізілген кезде бақылаушы орган қайда болды, істі неге сотқа жіберді? деді азаптаудан жәбер көрген сотталушы Ербол Қасеновтің адвокаты Наталья Жулинская.

Апелляциялық шағым енді 11 тамызда қаралады.

Соңғы жаңалықтар