Отбасындағы мазасыз адамдардың кім екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасындағы мазасыз адамдардың кім екені анықталды

Отбасындағы мазасыз адамдардың кім екені анықталды

Аналар, әпкелер және әйелдер – отбасында ең мазасыз адамдар. Олар, басқаларға қарағанда, отбасы өміріне өте көп араласқандықтан осылай болады.

  • 19 Қаңтар 2018
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы америкалық ғалымдардың материалы American Sociological Review журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

«Көптеген адам үшін әйел адаммен туыстық қарым-қатынаста болу оңай емес. Өйткені, бір жағынан, сіздің өміріңіз оған бағынышты болады. Екінші жағынан, олар көп сөйлейді және жақын адамдармен қарым-қатынас үшін «ыңғайсыз» болып келеді», — деді Клод Фишер (Claude Fischer) АҚШ Берклидегі Калифорния университетінен.

Фишер мен оның әріптестері отбасындағы адамдардың: әкенің, ұлдарының, анасының, әжесінің, атасының, әпкесі және т.б. бір-біріне қалай әсер ететінін анықтау барысында осындай қорытынды шығарды.

Ғалымдар, әлеуметтанушылар отбасын нығайтатын оң қарым-қатынастарға қатты көңіл бөліп жүрді. Олардың ойынша, отбасы – қоғамның маңызды бөлшегі. Отбасы бар адамдардың көңіл-күйі жақсы болады дегенді алға тартып келді. Бірақ отбасылық қарым-қатынастан шаршайтындар да бар. Тіпті, біреулер мұндайдан безіп, кетіп қалғысы келеді. Осының анық-қанығына жету үшін калифорниялық психологтар 12 мыңға жуық туыстық қатынасы бар мыңнан астам тұрғынға сауалнама жүргізді. Сараптамаға қатысушылар өздерінің талапшыл, мінезі «ауырлау» туыстары, достары және басқа да жақын адамдары туралы айтып беру керек болды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, еріктілер достары мен танымайтын адамдарына қарағанда, өздерінің отбасы ішіндегі мәселелерге қатты алаңдайтын болып шықты. Орташа есеппен олардың туыстарының 15%-ы жиі я болмаса ара-тұра жағымсыз әсер қалдырады. Ал достары мен танымайтын адамдарының 6-7%-ының кесірінен ғана көңілсіз қалғандарын айтқан.


Бір қызығы, «шаршатып» жіберетін туыстардың көбісі әйел адамдар екен. Атап айтқанда, аналары, әпкелері және әйелдері. Орташа есеппен, сауалнамаға қатысқан әрбір үшінші қатысушы отбасындағы осы үш адам өздерін көңілсіз сезінуге себепші болғанын жазған.

Мұндай жауапты тек күйеуі немесе тек ұлы берген жоқ. Отбасындағы кез келген адам, тіпті аналары, қыздары, әжелері де осындай пікір білдірген.

«Адамдар отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынас қоғам мен кез келген адамға пайдалы дегенді жиі айтады. Бірақ олар қаншалықты қуаныш сыйласа, соншалықты күйзеліске түсіруі де мүмкін. Сондықтан мұндай негативті эффектілер біздің денсаулығымызға қаншалықты әсер ететінін білу маңызды», — деп түйіндеді Фишер.

Соңғы жаңалықтар