Өзбекстан ЖОО-да хиджаб және қысқа киген талапкерлердің құжатын қабылдамай қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан ЖОО-да хиджаб және қысқа киген талапкерлердің құжатын қабылдамай қойған

Өзбекстан ЖОО-да хиджаб және қысқа киген талапкерлердің құжатын қабылдамай қойған

Андижан мемлекеттік университеті хиджаб киген талапкерлердің құжатын қабылдамай қойған. Бұл туралы ВВС-дың өзбек қызметі хабарлады. Андижан университетінің өкілі бұл деректі растап, бұйрық Ташкенттен түскенін айтқан. Өзбекстан білім министрлігінің қызметкері "қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынған" деген.

  • 20 Шiлде 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

Ал Жизак политехникалық институтында қысқа юбка және шорты кигендердің де құжатын қабылдамаған.

"Менің сіңілім Жизак политехникалық институтына құжат тапсырмақ болғанда қысқа юбка кидің деп қабылдамай қойған. Ол тек бесінші мүмкіндігінде ғана құжаттарын тапсыра алды" дейді Жизак тұрғыны.

Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының қызметкерлері қысқа киген талапкерлердің құжаттарын қабылдамай кері қайтарғандарын растады.


Өзбекстанда университетке құжат қабылдау 15 маусым-15 шілде арасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар