Өзбекстанда "бордель" оқиғасынан кейін арнайы білімі жоқ тәрбиешілерді жұмыстан қуып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда "бордель" оқиғасынан кейін арнайы білімі жоқ тәрбиешілерді жұмыстан қуып жатыр

Өзбекстанда "бордель" оқиғасынан кейін арнайы білімі жоқ тәрбиешілерді жұмыстан қуып жатыр

Өзбекстандағы балабақшаларда наурыз айының басынан бері тексеру жүріп жатыр, соның нәтижесінде арнайы педагоикалық білімі жоқ тәрбиешілер жұмыстан шығарылады. Республикалық балабақшаларға енді дипломы барлар ғана қабылданады.

  • 29 Наурыз 2017
  • 816
Фото - Caravan.kz

Республикада мектепке дейінгі мекемелерде аттестация өткізу шарасы Сұрхандария облысындағы 23 балабақшада "бордель" ұйымдастыру қылмысы ашылған соң қолға алынды. Білім министрлігі қызметкерінің айтуынша, тексеру кезінде тәрбиешілердің кәсіби дайындығына ерекше көңіл бөлінеді.

"Біз тәрбиешілердің баламен жұмыс жасау әдісіне, тәрбие беру тәсіліне қараймыз. Тексеру жүргізушілер балабақшалардағы тамақ сапасына көңіл бөледі", — деді ол.

36 жастағы тәрбиешінің айтуынша, тексеруші топ оны педагогикалық білімі жоқ болуына байланысты жұмыстан шығарған. "Мен 14 жыл тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Олар дипломым жоқ болғандықтан мені жұмыстан шығарды. Менің жұмыс өтіліме де қараған жоқ", — деп арызданды балабақшаның бұрынғы тәрбиешісі.

Еске салайық, Сұрхандария облысының Денау ауданындағы бір балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео Интернетте тарады. Бұл балабақшада түнде "бордель" ұйымдастырылатыны анықталды. Осы оқиғадан соң облыстағы 290 мекеме тексеріліп, 23 балабақшада интим-қызметі көрсетілгені әшкереленді.


Соңғы жаңалықтар