Өзбекстанда сәбидің денесінен 16 тігін инесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда сәбидің денесінен 16 тігін инесі табылды

Өзбекстанда сәбидің денесінен 16 тігін инесі табылды

Өзбекстанның Ферғана облысында дәрігерлер 11 айлық сәбидің денесінен 16 тігін инесін тапқан. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігі өкілі хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін жергілікті БАҚ нәрестенің денсаулығына алаңдаған анасы дәрігерге апарғанын, онда дәрігерлер жедел түрде операция жасағанын хабарлаған.

«Операция он сағатқа созылды. Сәбидің денесінен 13 ине алынды», – деп растады жоғарыдағы ақпаратты министрлік өкілі. Енді қалған үш инені алу үшін, балаға тағы операция жасалмақ. Қазіргі кезде нәресте жан сақтау бөлімінде жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сөздеріне қарағанда, инелер бала ағзасында бір-бір жарым айдан бері болған.


Балалар дәрігері, профессор Хабибулла Акимов инелер бала ағзасының әр жерінде болған, сәби 16 инені бірден жұтуы мүмкін емес дейді. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар