Пара алып жатқан жерінен ұсталып қалған Әуезов театры директорының әйелі күйеуімен бірге бүгін түскен суретін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алып жатқан жерінен ұсталып қалған Әуезов театры директорының әйелі күйеуімен бірге бүгін түскен суретін жариялады

Пара алып жатқан жерінен ұсталып қалған Әуезов театры директорының әйелі күйеуімен бірге бүгін түскен суретін жариялады

Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләлдің 1,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалғаны бүгін мәлім болды. Енді оны біреулер кезінде Тұңғышбайдан (Жаманқұловтан) сырт айналдың деп табаласа, біреулер әліптің артын бағып отыр.

  • 6 Қаңтар 2018
  • 29746
Фото - Caravan.kz

Мұндайда әйелден артық жақының болмайды екен. Бұл жолы да басына іс түскен азаматқа бірінші болып жұбайы әлеуметтік желі арқылы араша түсті, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Әлеуметтік желіде алып-қашпа сөздер мен Ерланды қаралап түрлі пікірлер көп. Дегенмен, Ерланның жағдайын сұрап, қолдау білдіріп жатқандарға рахметімді айтқым келеді. Ер адамның басына не келіп, не кетпейді? Бұл да бір Алланың сынағы болар… Алдағы істі уақыт көрсетеді. Әзірге айтарым, Ерланым дін-аман, ресми ақпаратта айтылғандай еш қамауға алынған жоқ (редакцияланбаған – ред.)» деп жазыпты істі болып жатқан актердің жұбайы Майгүл Біләлова.


Бір айта кетерлігі, ресми ақпаратта Ерлан Біләлдің қамауға алынғаны туралы бір ауыз сөз жоқ. Яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин: «Кінәсін толық мойындауына байланысты ол (Ерлан Біләл – ред.) қамауға алынған жоқ» деген болатын.

Соңғы жаңалықтар