Пәтерін жалға бергендерді жаңа жүйе арқылы анықтамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәтерін жалға бергендерді жаңа жүйе арқылы анықтамақ

Пәтерін жалға бергендерді жаңа жүйе арқылы анықтамақ

Биыл пәтерді жалға беретін Астанадағы мың жарымдай көлеңкелі кәсіп иесі салықтық жазаға тартылды. Түскен пайданың тиісті мөлшерін бюджетке төлемей жүргендер айыппұл төледі.

  • 17 Тамыз 2016
  • 537
Фото - Caravan.kz

Нұргүл Түргембаева 3 бөлмелі пәтерін жайлы жиһазымен жалға береді. Сол арқылы ай сайын 100 мың теңге пайда табады. Себебі ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салықтан еш жалтарған емес. Ал тиісті заңды ескермей, мүлігін жалға беріп, бюджетке шығын келтірген пәтер иелері түсімнің 10 пайызын мәжбүрлі түрде бюджетке төлейді. Оған қоса, әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырылады.

— Біздің қаламыз Астана болғасын көп адамдар келіп жатыр. Қонақтар келіп жатыр. Жас балалар бәрі жұмысқа кіріп, пәтер іздейді. Сол үшін мен пәтерімді жалға беруді ойладым, дейді салық төлеуші Нұргүл Түргембаева.

Пайданың бар болғаны 2 пайызын салық ретінде төлеп, пәтерін Нұргүл секілді заңға сай жалға беретіндер көп емес. Яғни басым бөлігі кәсібін жасырып қалғанды жөн санайды. Жалпы бас қалада 5 мың адам пәтерін заңды түрде жалға береді. Бір ғана, Алматы ауданында осындай 2800 кәсіпкер бар. Бірақ мұнда салық төлеуден жалтарып жүргендер cаны одан 3 есе көп.

— Жылдың басынан пәтер жалға беретін салық төлеушінің саны 1415 анықталған болатын. Соның ішінде 615-тей салық төлеуші ретінде тіркелді. Қалғанымен жұмыс жасалуда. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, тек қана 2 пайыз төлейді. Немесе 3 пайыз оңайтылған декларация бойныша. Егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, жыл бойынша табылған табыстың 10 пайызын төлейді. Дегенмен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген оңай болып табылады, деді Астана қаласы Алматы аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Қанат Балтабеков.


Салық органдары пәтердің жалға берілгенін жаңа жүйе бойынша анықтауға кірісті. Тіпті бұл заңдылықты қадағалауға жергілікті полицейлер де тартылды.

Соңғы жаңалықтар