Жарияланды: 140

Павлодар облысында 1 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті өзен жағасынан табылды

Павлодар облысында 1 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті өзен жағасынан табылды

Павлодар облысында Ертіс жағасында еріктілер әйел адамның денесін тапты деп жазады sputniknews.kz облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 12 қыркүйекте Ертіс жағасында Пятирыжск ауылына жақын маңда әйел адамның денесі табылған. Сот  молекулалық-генетикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде хабарлағандай, болжам бойынша, былтыр қазан айында Қашыр ауданы Береговое ауылында жоғалып кеткен, екі баланың анасы, 28 жастағы Дарья Николаеваның денесі табылды. Еріктілер айтқандай, әйел адамның қол-аяғын байлап, басына пакет кигізген екен. 

Дарья Николаева жоғалып кеткен кезде декреттік демалыста болыпты. Қазан айында Береговое ауылынан Тереңкөл ауылындағы күйеуіне кетіп, із-түссіз жоғалған.

Пікір қалдырыңыз

[X]