Павлодар облысының әкімдігі Наурызды 40 күн бойы тойламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының әкімдігі Наурызды 40 күн бойы тойламақ

Павлодар облысының әкімдігі Наурызды 40 күн бойы тойламақ

Павлодар облысы Наурызды 40 күн – наурыздың 22-нен сәуірдің 30-на дейін тойлайды. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде мәлім болды.

  • 12 Ақпан 2018
  • 370
Фото - Caravan.kz

– Ертеде халқымыз Наурызды түрлі кезеңде атап өткен. Мәселен, Сырдария бойында өмір сүрген қазақтар Наурызды ақпан айының соңғы күндерінен бастап атап өтсе, оңтүстіктегі ағайындар наурыз құсы оралған сәттен бастап тойлаған. Батыс Қазақстандағы «көрісу» дәстүрі бойынша адамдар наурыздың 14-нен бастап бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтай бастаған.  Орталық және солтүстік өңірлерде Наурызды тойлауды кешірек бастаған. Жалпы алғанда, бабаларымыз үшін  Наурыз бір күндік мереке емес, көктемгі жаңару кезеңі болып қабылданған, – дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков.

Оның айтуынша, қырық күн бойы барлық қалалар мен аудандарда түрлі шаралар өткізіледі. Облыс орталығындағы салтанатты іс-шараның режиссері ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ретро жұлдыздар шақырады», «Айтыңыз қабыл болсын», «Жаңа жылда – жаңа жұлдыздар» жобаларын жүзеге асырған Асқар Наймантаев шақырылды. 30 сәуір күні үкімет қаулысы бойынша демалыс деп жарияланады. Бұл күні Орталық алаңда этноауыл құрылып, түрлі ойын-сауықтар, спорттық сайыстар өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар