Павлодарда 4 жасар бала үш күн бойы шұңқырда отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 4 жасар бала үш күн бойы шұңқырда отырған

Павлодарда 4 жасар бала үш күн бойы шұңқырда отырған

Павлодарда 4 жасар бала үш күн бойы шұңқырда отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі. 4 жасар Артур

  • 19 Сәуiр 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

Павлодарда 4 жасар бала үш күн бойы шұңқырда отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

4 жасар Артур шұңқырдан өзі шықпақшы болған. Бұны топырақта қалған іздерінен байқауға болады. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, ұл бала үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде үйден шығып, жоғалып кеткен.

«Баланың жоғалып кеткені туралы Артурдың анасымен бірге тұратын 42 жастағы ер азамат хабарлаған. Әйел жағдайдың мән-жайын түсіндіре алмады, себебі мас болған. Баланы іздестіру жұмыстарына 300-ге жуық тәртіп сақшысы мен әскери қызметші жұмылдырылды», — дейді Баян Мағзұмова.

Артур бүгін таңғы сағат 8.30-да әскери-техникалық мектептің автодромынан табылды. Ұл бала шұңқырда шыға алмай отырған. Абырой болғанда, аман-есен. Табылған сәтте қатты ашығып, су ішкісі келгенін айтыпты. Айта кетейік, оқиға орнында балаға медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің сөзінше, толық тексеруден өткізу үшін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Бір қызығы, 18 сәуір Артурдың туған күні екен. Бұл күн баланың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.


Облыстық ІІД мамандарының хабарлауынша, бүгінде жауапсыз анаға қатысты ҚР ӘКбК-нің 127-бабы және ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Материалдар кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі облыстық комиссияның қарауына да жолданады.

Соңғы жаңалықтар