Павлодарда әйел көлігін дұрыс жүргізбей, машиналарды соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда әйел көлігін дұрыс жүргізбей, машиналарды соқты

Павлодарда әйел көлігін дұрыс жүргізбей, машиналарды соқты

Павлодардың Мамандандырылған әкімшілік сотында  қала тұрғыны К-ге. қатысты әкімшілік іс қаралды.

  • 11 Қазан 2017
  • 155
Фото - Caravan.kz

"13 қыркүйекте Павлодар қаласында жүргізуші К. «Toyota RAV4» маркалы көлікті тізгіндеп, Суворов көшесі бойындағы көлік  тұрағынан артқа қарай қозғалу барысында алдымен «Toyota Carina»  машинасына, содан кейін «Toyota Camry»-ге соғады. Одан ары қозғалуын жалғастырып, «Toyota Avensis» автомобиліне қақтығысқан", деп хабарлады Павлодар облыстың сотының сайты. 

К. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын  және жол жүру ережесін бұзғанын, көлік құралдарына зақым келтіріп материалдық шығын әкелгенін мойындады. Сот қаулысымен К, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде теңге айыппұл салынды.     

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар