Павлодарда ауыл тұрғынына төрт рет пышақ салған полицей айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ауыл тұрғынына төрт рет пышақ салған полицей айыппұлмен құтылды

Павлодарда ауыл тұрғынына төрт рет пышақ салған полицей айыппұлмен құтылды

Павлодарда ауыл тұрғынына төрт рет пышақ салған полицей айыппұлмен құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 2 Тамыз 2017
  • 299
Фото - Caravan.kz

Павлодарда 34 жастағы полицейге қатысты сот үкімі шықты, ол өзінің жарын әріптесінен қызғанып, шабуыл жасаған. Полиция қызметкеріне адам өлтіруге оқталу және заңсыз суық қару ұстау баптары бойынша айып тағылды. Алайда сот барысында "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабына ауыстырылған. 

Жабық түрде өткен сот барысында, арнайы сараптама тағайындалған. Онда полицейдің ауыл тұрғынына шабуыл жасаған уақытта аффекті қалпында болғанын анықтаған. "Сот айыпталушыны "Аффекті қалпында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша кінәлі деп тапты. Сот үкіміне сәйкес, екі жақтың мәмілеге келуіне орай, айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сонымен қатар, ол суық қару сақтағаны үшін 45 АЕК (102 мың 105 теңге) айыппұл салынды", — деп оқыды Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының судьясы Нұрлан Айтбаев. 

Сот үкімі жарияланғаннан кейін, биылғы жылдың қаңтарынан бері қамауда болған күдікті сот залынан босатылды. Айта кетейік, зардап шеккен адам Ақтоғай ауылының тұрғыны Қожа Мағзам есімді азамат. Ол үш ай бойы ауруханада жатқан, ал оған шабуыл жасаған қаскөй уақытша ұстау изоляторына жабылған. 


 

Соңғы жаңалықтар