Жарияланды: 4 3700

Педофил деп жала жабатын алаяқтар шықты - Айгүл Орынбектің ер азаматтарға ескертуі

Педофил деп жала жабатын алаяқтар шықты - Айгүл Орынбектің ер азаматтарға ескертуі

Алаяқтар заманға сай әрекет ететін болған. Енді олар балаларды да лас тірлікке жұмсап отыр. Яғни арам жолмен ақша табатындар қазіргі өзекті тақырыпқа айналған педофилияны тиімді пайдалануға көшкен.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында осыған қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Алаяқтардың жаңа айласынан сақ болыңыздар. Əсіресе, көлігі барлар. Егер кішкентай 7-8 жасар қыз бала немесе ұл бала жылап келіп, үйіне апарып тастауды өтінсе, бірден 102-ге хабарласыңыз. Өздеріңіз алып барып тастаймын деп құдай ұрып қалмасын. Қазір педофилдер көп болып кеткені соншама, енді оңбаған алаяқ еркектер балаларды пайдаланып ақша жасап жүр екен. Сіз үйіне апарып тастаймын деп көлікке отырғызғаннан бастап сізді басқа көліктер аңдып, жолда тоқтатып "баланы ұрлап бара жатқан педофилсің" деп айып тағады. Полицияға хабар бермес үшін қомақты қаржы сұрайды. Осылайша қылмыстық топтың құрығына түсіп қалуларыңыз мүмкін. Тіпті кейбірі полиция келмей ұрып мойындатып қоюлары мүмкін. Сол себептен сақ болыңыздар, құрметті ер азаматтар. Жақсылық жасаймын деп жүріп, қамалып кетпеңіздер!" деп жазыпты А.Орынбек.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 11 августа

Иттер не істемейді...

Сақтықта қорлық жоқ...

Шынында да шын жаның ашыса , 102 тез арада хабарла.....

Қонақ 12 августа

Қай қалада бұл

Қонақ 12 августа

Оте дурыс ескерту! Алаяк коп

Қонақ 12 августа

Дұрыс дұрыс өте дұрыс айтасыз!

Бұндайды біліп жүрейік.

Ватсаппенде таратып қойдым...

[X]