Пойызда біреудің баласын ұрған әйел жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойызда біреудің баласын ұрған әйел жазаланды

Пойызда біреудің баласын ұрған әйел жазаланды

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Х.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды, деп хабарланды Қарағанды облыстың сотының сайтында.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 367
Фото - Caravan.kz

Азаматша Х. «Қарағанды-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының вагонында анасымен бірге келе жатқан баланы ұрып-соғып, жеңіл жарақаттаған.

Сот қаулысымен азаматша Х.-ға әкімшілік жаза ретінде 23 825 теңге айыппұл салынды.


Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар