Полицейлер Алматы облысында жүк салғышында байлаулы адамы бар көлікті ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер Алматы облысында жүк салғышында байлаулы адамы бар көлікті ұстады

Полицейлер Алматы облысында жүк салғышында байлаулы адамы бар көлікті ұстады

Жүргізуші құжаттарын тексеріп жатқанда, жол инспекторлары жүк бөлігінен көмекке шақырған адамның дауысын естіді, деп хабарлайды patrul.k

  • 27 Сәуiр 2017
  • 1054
Фото - Caravan.kz

Жүргізуші құжаттарын тексеріп жатқанда, жол инспекторлары жүк бөлігінен көмекке шақырған адамның дауысын естіді, деп хабарлайды patrul.kz.

Маңғыстау облысында тіркелген Lada көлігін жол-патрульдік полицияның қызметкерлері 26 сәуір күні кешке таман Алматы – Бишкек тасжолының 29-километрінде тоқтатты.

Құжаттарды тексеріп жатқанда, жүргізушінің мазасызданып тұрғаны байқалды. Сондықтан жол сақшылары көлікті және ішіндегі азаматтарды жақсылап тексеруді жөн көрді. Сөйтіп тұрғанда, жүк бөлігінен бір дыбыстар естілгендей болды. Полицейлер «багажникті» ашуды сұрады.

Жүргізуші жүк бөлігін ашудан бас тартқаннан кейін олар екі куәгерді шақырып, арнайы құралдармен өздері ашып алатынын айтты. Сол уақытта багажниктен көмекке шақырған адамның жан дауысы шықты.

багаж2.jpg

Енді ешқайда қашып құтыла алмастығын түсінген жүргізуші инспекторлар талабын орындады. Жүк бөлігінің ішінде аяқ, қолы пластиктан жасалған хомуттармен байланған ер адам жатты. Көлікте отырған үш адамның барлығы да құрықталып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

багаж3.jpg

Ұсталғандардың екеуі «ер адамды не үшін ұрладыңдар» деген сұраққа мәністі жауап бере алмады, олар тек Шымкентке бара жатқандарын айтты. Үшіншісі болса, оның сөзіне сенетін болсақ, жүк бөлігінде адам барын тіпті білмеген болып шықты.

багаж4.jpg

Жағдайдың мән-жайын жедел уәкілдер тұтқынның өзінен білді. Ол ұрлықшылармен таныс екенін, олардың ортақ шаруалары болғанын айтты. Бірақ, ол қандай шаруа екенін түсіндірген жоқ. Олар оның мойнына бір нәрсені іліп қойғысы келген көрінеді. Ол мүмкін ақшалай қарыз болар.

багаж5.jpg

Ол мой құю бекетінде өзінің Nexia көлігіне май құйып тұрғанда, олар бұны ұстап алып, көліктеріне күшпен отырғызып, тау жаққа алып кеткен. Ол жерде оны бейсбол битасымен қатты соққыға жыққан. Сосын багажниктеріне тастап, Шымкентке алып кетпек болған. Үшінші жолаушы шын мәнінде көлікке жол-жөнекей отырған. Бірақ, жәбірленушінің айтуынша, ол оның багажникте жатқанын көрген.

багаж6.jpg

Оқиғаның барлық қатысушыларын жол-патрульдік полицияның қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданы АІІБ-сының жедел уәкілдеріне тапсырды. Олар енді оқиғаның себептерімен бірге ұрлаушылар мен «тұтқынның» арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын болады.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар