Полицейлер Петропавлда жоғалып кеткен оқушы қызды тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер Петропавлда жоғалып кеткен оқушы қызды тапты

Полицейлер Петропавлда жоғалып кеткен оқушы қызды тапты

Полицейлер ақпан айының басында Петропавл қаласында жоғалып кеткен оқушы қызды Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежное ауылында ғаламтор арқылы танысқан жігіттің үйінен тапты деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Петропавл қалалық ІІБ-ге қаладағы мектептердің бірінің әкімшілігі екі күн бұрын 15 жастағы Антонина Филиппованың үйінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған. 

  • 7 Ақпан 2017
  • 333
Фото - Caravan.kz

"Полицейлер қыздың баруы мүмкін бүкіл мекенжайларды мұқият тексеріп шықты. Барлық аймақтық бөлімшелерге бағыттамалар жіберілді. Сондай-ақ компьютерлік клубтар, ойын-сауық мекемелері мұқият тексерілді. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер қыздың қайда жүргенін анықтаған. Сонымен қатар, сол қызды көрген тұрғындар да полицияға хабар берді", — деп ақпарат берді ІІД.

Оқушы қыз Мағжан Жұмабаев ауданындағы Молодежное ауылында болыпты. 


"Ол ғаламтор арқылы бозбаламен танысып, соның үйіне қонаққа келген екен", — дейді Петропавл ІІБ басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Асан Мейрамов.

 

Соңғы жаңалықтар