Полицейлерді тістеп алған Семей тұрғыны сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлерді тістеп алған Семей тұрғыны сотталды

Полицейлерді тістеп алған Семей тұрғыны сотталды

Сот мас күйінде полицейлердің тістеп алған ер адамды 1 жарым жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 412
Фото - Caravan.kz


Хабарлама бойынша келіп жеткен полицейлер көпқабатты тұрғын үйге келіп мас күйдегі ер адамды көлікке отырғызған.

Көлік ішінде ер адам бір полицейдің сол жақ иығы мен екіншісінің бір саусағын тістеп алған.

Полицейлер жеңіл жарақат алды. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, ісі үшін өкінетінін айтты. Сот шешімі бойынша айыпталушы «Адамның өімірі мен денсаулығына зиян келтіру немесе өз міндетін атқарушы билік өкілдері мен оның жақындарына қауіп туғызу» бабына сәйкес 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар