Поляк зерттеушілері қазақтарды қорқақ халық деп жазған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Поляк зерттеушілері қазақтарды қорқақ халық деп жазған

Поляк зерттеушілері қазақтарды қорқақ халық деп жазған

Жақында ғана қолымызға түскен бір кітап бізді қызықтырып жіберді. Онда жарияланған кезінде қазақ даласына жер аударылғандардың ұлтымыз туралы жазбаларында өзіміз бұрын-соңды байқамаған тың деректер келтірілген.

  • 21 Маусым 2017
  • 11449
Фото - Caravan.kz

Кітап деп отырғанымыз – 1991 жылы жарық көрген «Әлем» альманағының бірінші басылымы. Сол жылы қазақ зиялылары осындай бір жақсы дүниені қолға алған екен. Оның кейін жалғасы болды ма, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Әлем" альманағы

Сонымен, аталған альманахтың осы бірінші басылымында ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласына жер аударылған поляк революционерлерінің бірі – Бронислав Залесскийдің жергілікті ұлт туралы жазбалары (орыс тілінен аударған Кәдірбек Сегізбаев) жарияланған. Материал оқығанға қызықты болғанымен, автор кей пайымдауларында қателікке жол берген. Оның сондай бір жаңсақ ойын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Бронислав Залесский. 1875 жылБронислав Залесский. 1875 жыл

«Бұл жұрт Шыңғыс ханнан бері келе жатқан жауынгерлік қасиеттерін жоғалтып алған. Иен далада біздің экспедициямызды көрген топ-топ қазақтардың орыс армиясы әскерлерінің болат белдіктерінің күн сәулесімен шағылып жарқылдағанын зеңбірек екен деп ойлап, бірнеше рет қаша жөнелгендері – олардың тіпті қорқақтықтарының куәсі. Қоқан қамалындағы Ақмешітті бағындырған кезде көмекшілікке жалданған қазақтар қамалды қоршау кезінде өздеріне үңгір қазып, соған тығылып қалады да, жау жеңілген кезде олар қамалға алдымен ұмтылып, оны тонауға кіріседі. Қорқақ болғанымен, олар қорғансыздар мен әлсіздерге келгенде мейірімсіз-ақ» деп жазыпты Залесский.


Поляк революционерінің осындағы соңғы сөйлеміне аударма авторы былай деп түсініктеме берген: «Бүтін бір халық туралы қатал үкімдей кесіп-пішіп баға беру фактісі сол кездегі өздерін өркендеген ел өкілі санаған европалықтарда жиі кездеседі. Залесскийдің де «мейірімділік» немесе «қатігездік» деген ұғымдардың халық емес, жеке адамдарға тән қасиет екенін парықтамауы байқалады». Яғни бұл жерде Залесский қазақтарға ұлтымыздың бас көтерер азаматтарына жолықпай, жолда көрген аз ғана жасқаншақ жұртқа қарап, бүтін бір халыққа баға беріп отыр.

Б.Залесскийдің француз тілінде шыққан қазақтар туралы кітабындағы өзі салған суреттер:

Соңғы жаңалықтар