Жарияланды: 197

Президент Исекешевке: Мұндай былық Жақсыбековтің кезінде де болған жоқ

Президент Исекешевке: Мұндай былық Жақсыбековтің кезінде де болған жоқ  Сурет - total.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы құрылысы жаңа біткен нысандардың жанында тау болып үйілген қоқыстардың жиналмай жатқанына кейістік танытты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Кейбір құрылыс компаниялары салынған үйлердің жанынан құрылыс қоқыстарын да шығармайды. Қалада толған қоқыс. Мұндай бұрын тіпті Әділбек Рыскелдіұлы кезінде де болған емес", - деді Президент ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелерін пысықтауға арналған отырыста . Өз кезегінде Астана әкімі Әсет Исекешев қыстан соң, осындай қоқыстар көптеп анықталып жататындығын растады. "Қазір заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныспен шығып жатырмыз. Себебі бұл бүгінде еш заңмен реттелмейді", - деп жауап берді Ә. Исекешев. "Ол (құрылыс компаниясы - ред.) міндетті қоқыс жинауға. Тұрғын үй салды ма, маңайына жолдар салып, ағаш отырғызуы керек. Ал олар онымен айналыспақ түгілі, қоқысты да жинамайды. Себебі біз талап етпейміз. Айыппұл салып, соттау керек", - деді Президент.


 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]