Президент Сенаттың төрт депутатының өкілеттігін тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Сенаттың төрт депутатының өкілеттігін тоқтатты

Президент Сенаттың төрт депутатының өкілеттігін тоқтатты

Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа сенаторлар тағайындалды

  • 14 Шiлде 2017
  • 570
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан парламенті сенатының төрт депутатының өкілеттігі тоқтатылып, жаңа сенаторлар тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаттары Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбае, Людмила Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтатылды.

Олардың орнына Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіні бұрынғы басшысы Сәуле Айтпаева, Сенат аппараты жетекшісінің орынбасары Владимир Волков, бұрынғы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов және Президенттің кеңесшісі, Қазғарыштың бұрынғы басшысы Талғат Мұсабаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мұсабаев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды.


Айта кетсек, Сенаттағы 47 депутаттың 15-ін Президент тағайындайды, қалған 32-сін мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Биыл 28 маусымда өткен сайлауда 16 депутаттық мандатқа 38 үміткер таласты.

 

Соңғы жаңалықтар