Прокурорлар бостандыққа шыққандарды WhatsApp арқылы бақылап отырады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурорлар бостандыққа шыққандарды WhatsApp арқылы бақылап отырады

Прокурорлар бостандыққа шыққандарды WhatsApp арқылы бақылап отырады

Пробация қызметі қызметкерлеріне шартты түрде сотталғандарды, мерзімінен бұрын босатылғандарды, бас бостандығын шектеуге үкім шығарылғандарды WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы бақылап отыруына рұқсат етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Сотталған тұлғаның ұялы телефонындағы осы қосымшаға «Сіз қай жердесіз?» деп жазып және өзінің сол кездегі суретін жіберуін сұрап хабарлама жолдау пробация қызметі қызметкерінің өзі бару тәжірибесін ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұрын пробация қызметі қызметкерлері Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнара Бижановаға есепте тұрған азаматтарды қоғамдық көлікте жүріп тексеру үшін жолақыға ақша жетпейтінін айтып шағымданған болатын. Олардың сөзіне қарағанда, бұған күніне мың теңгеге дейін ақшасы кетеді.

Пробация қызметі депутаттан аймақтық қызметкерлерге қызметтік көлік бөлуге көмектесуін өтінген. Бірақ бұл мәселе әлі күнге шешімін тапқан жоқ.

Есепте тұратын азаматтарды бақылауға жұмсалатын өз қаржысы мен уақытын үнемдеу мақсатында пробация қызметкерлері мен прокурорлар өз жұмысына мобильді қосымшаны енгізді. Ал егер есепте тұратын тұлғаның WhatsApp-ы болмаса, пробация қызметкері оның тұратын жеріне баруына тура келеді.


«Қашықтықтан видеобақылау» жобасы Қарқаралы ауданының прокуратурасы тарапынан жүзеге асырылуда. Қарқаралы аудандық пробация қызметінің есебінде 51 адам тұр. Соның 8-ін қашықтықтан бақылап отырмыз. Өткен 4 ай ішінде олар құқықбұзушылық немесе қылмыс жасаған жоқ», — дейді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Нұрлан Әбжанов.

 

Соңғы жаңалықтар