Жарияланды: 100

Путин: Ресей спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алады

Путин: Ресей спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алады

«Спортшыларымызға Олимпиадаға қатысуға кедергі болмаймыз. Олар бүкіл өмірін осы ойындарға дайындықпен өткізіп келеді, бұл олар үшін өте маңызды".

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ел спортшыларының 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды  Казинформ.

Владимир Путин Горьковск автозауытында жұмысшылармен кездесуі кезінде ресей спортшыларының Кореяда өтетін 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуына кедергі келтірмейтіндігін айтты. 

«Спортшыларымызға Олимпиадаға қатысуға кедергі болмаймыз. Олар бүкіл өмірін осы ойындарға дайындықпен өткізіп келеді, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан, ешкімге тыйым салмаймыз»,-  деді Путин.

Еске сала кетейік, Ресей құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына өз елдерінің атынан қатыса алмайды. Бұл шешімді халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада (Швейцария) өткен арнайы отырыста қабылдаған болатын. 

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары  9-28 ақпан аралығында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

[X]