Қайрат Нұртас қазір неге хит шығара алмай жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас қазір неге хит шығара алмай жатыр?

Қайрат Нұртас қазір неге хит шығара алмай жатыр?

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова қазір ұлының хит шығара алмай жатқанын мойындады. Сөйтіп, мұның себебін халыққа түсіндіріп беруге тырысты. 

  • 23 Мамыр 2017
  • 3428
Фото - Caravan.kz


Гүлзира Айдарбекова "Астана" арнасындағы "Сырласу" бағдарламасында Қайрат Нұртастың қазіргі шығып жатқан әндерінің де бұрынғылардан еш кемдігі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz

"Қазіргі орындап жатқан әндері жаман емес. Бәрі де керемет. "Тұман", "Ұяң қыз", "Өмір ғажап" әндері шықты. Бәрінің де мағынасы керемет. Бірақ неге хит болмай жатыр? Ол кезде (хиті көп кезі — ред.) Қайрат өте жас еді. 18-дегі, 20-дағы бала. Ол кезде қыздардың бәрі Қайратқа ғашық болды. Олар әндерінің бәрін өзіне арналған деп қабылдайды. Негізі, әнді хит қылатын қыздар. Ең бірінші тыңдайтын солар. Сосын ата-анасы естиді, бауырлары естиді, солай таралып кетеді. Сондықтан жас келе сен қанша ән айтсаң да, көрінуі қиын. Ал бұрын Қайрат қандай ән айтса да, хит бола беретін. Хиттан кейін хит болатын" дейді әншінің анасы.