Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде қызды зорлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде қызды зорлайды

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде қызды зорлайды

"Отандық өнімді қолдау үшін киноға бардық. Қаржысы көп Қайрат Нұртасқа мықты кино түсіру не тұрады деп ойлаған едім ? Бірақ өкінішке орай тағы да сол көшірме! Ең сорақысы кино қатыгездікке тұнып тұр", - дейді отандық танымал блогер.

  • 16 Қазан 2017
  • 2151
Фото - Caravan.kz

Фейсбук желісінде танымал Айгүл Орынбек есімді блогер Қайрат Нұртастың жаңа туындысы жайлы жағымсыз ойын білдірді.

"Онсызда телеарналарымызда əншілер қаптап, зорлық қорлықты күнде көрсетіп жатқаны аздай, енді кино түсіріп насихаттауға көштік пе? Арақ-шарап ішіп қызды ұрлап зорлау, наша шегу сияқты дүниені түсіріп жастарға не тəрбие бермекпіз? Фильмнің мағынасын түсініксіз!

Біреудің идеясын ұрлаған соң фильм мағынасыз болады ғой. Қай мектеп сабақ үстінде «Астана» арнасын қосып қойып жаңалықтар көретін маған көрсетіңдерші. Заңды түрде шара қолданайық . Мылтықпен түнгі клуб немесе мейрамханаға кіріп бара жатқанда охраниктер қалайша жіберіп қойды? Байдың балалары отыратын қымбат ресторанды бұл фильмде ешкім күзетпей қойған ба? Жігіттерді атамын деп стол жанына келіп, мылтықты кезенгенде неге қалған қонақтар жəйбарақат билеп жүр? Жаза берсем көп!

«Осы біздің қазаққа ештеңе жақпайды» деп ренжуі мүмкін Қайраттың анасы. Бірақ кино түсірер алдында сын болатыны белгілі. «Гүлзира ханым сіз анасыз онсызда зорлық пен қорлығы көбейген заманда, жастарға мейрімділік насихаттайтын, мағыналы кино түсірмедіңз бе?», — дейді Айгүл.


Блогер Айгүл ОрынбекБлогер Айгүл Орынбек

"Қолдарыңызда Жұлдыз сияқты мықты актриса қыз тұрғанда сіздер үшін бұл қиын емес қой. Ал мына фильмдеріңізге екі деген баға берем!", — деп ойын түйіндеді.

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)