Қамауда отырған Бишімбаевтың отбасының қандай дүние-мүлкі бар? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қамауда отырған Бишімбаевтың отбасының қандай дүние-мүлкі бар?

Қамауда отырған Бишімбаевтың отбасының қандай дүние-мүлкі бар?

Жақында сот жемқорлықпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімін ұзартты.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 3817
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Caravan.kz медиа-порталының редакциясы өзінің оқырмандарына ұлттық экономиканың бұрынғы басшысы отбасының 2016 жылғы мамыр айындағы мәліметтер бойынша қай жерде және қанша ақша тапқандығы жайлы айтуды жөн көрді.

Оның өмірбаянына қысқыша шолудан бастауды ұсынамыз.

Бишімбаев Қуандык Уәлиханұлы

Ұлттық экономиканың экс-министрі. Әр түрлі жылдары ««Самрұқ қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (05.2011-05.2013) және ««Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (30.05.2013-05.05.2016) төрағасы болды. Одан бұрын экономикалық даму және сауда вице-министрі (16.03.2010-02.2011) және Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі (22.05.2009-15.03.2010) болған.

11.04.1980 ж. Қызылордада дүниеге келген.

Бишімбаева (Бабагулова) Назым Қахарманқызына үйленген. Ерлі-зайыптылар төрт баланы: 3 ұл және бір қызды тәрбиелеп отыр. Ұлдары: Әл-Ескендір (2000 ж.т.), Мансүр (2009 ж.т.), Кәрім (2011 ж.т.), қызы Рания (2013 ж.т.).

Ата-аналары

Әкесі: Бишімбаев Уалихан Қозыкейұлы

Депутаттық корпустан кеткеннен кейін ғылыми қызметпен айналысқан. «Тұз технологияларының ұлттық-зерттеу орталығы» Қоғамдық қорын басқарады. Бұл қордың ұйымдастырушылары Мұкашев Дәурен Рахметұлы және Әйтқазин Нұрлан Қасымханұлы болып табылады.

Анасы: Нұрлыбекова Әлмира Балтабайқызы

«Куаныш и Компания» толық серіктестігін басқарған. Кәсіпорын 2014 жылы салық төлемегені үшін жабылған: тек 2012 жылы төленетін сома – минус 100 теңге көрсетілген. Серіктестіктің қызмет саласы туралы толық мәлімет жоқ.

Қуандык Бишімбаевтың анасы «Оңтүстік Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС және «Нәубет-ІІ» ЖШС басқарған – қандай да бір нақтыландырусыз тауарлардың көптеген түрлерін көтерме сатумен айналысатын компания.

«Өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік саласында инновациялық ізденістердің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастырушысы болып табылады. Бұл ЖШС мүлдем салық төлеуден босатылған.

Әпкесі: Бишімбаева Аружан Уәлиханқызы

«BEK Trade Development» ЖШС ұйымдастырушыларының бірі. Қызметі: коммерциялық-делдалдық, көтерме-бөлшек, сауда-сату. ЖШС салық аударымдары болмаған.

Соңғы жаңалықтар