Қарағанды облысында үй өртеніп, 3 бала мен ер адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында үй өртеніп, 3 бала мен ер адам қаза болды

Қарағанды облысында үй өртеніп, 3 бала мен ер адам қаза болды

Кеше Қарағанды облысының Долинка ауылында тұрғын үй өртеніп, салдарынан 2, 3 және 6 жастағы бала мен 63 жастағы ер адам қаза тапты, деп

  • 15 Қараша 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Кеше Қарағанды облысының Долинка ауылында тұрғын үй өртеніп, салдарынан 2, 3 және 6 жастағы бала мен 63 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Шахтинск қаласының жанындағы Долинка ауылындағы 5 пәтерлі бір қабатты барақ үйден өрт шығып, тілсіз жау үш бала мен ер адамның өмірін қиды. Төтенше жағдай 14 қараша күні күндіз болған.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенге дейін тұрғындар жанып жатқан үйден өз күштерімен 2011 және 2015 туған екі баланы алып шыққан. Олар Долинка ауылының ауруханасына жеткізілген. Алайда, дәрігерлер балалардың қайтыс болғанын айтқан. 2014 жылы туған бала мен 1954 жылғы ер адамның мәйітін жергілікті полиция қызметкері өрт сөндірушілер келгенге дейін тапқан.

«Сағат 14.12-де кезекші бөлімге Долинка кентіндегі өрт жайлы ақпарат түсті. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің бөлмелері мен шатыры жанып жатқан. Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару қызметінің» күші жұмылдырылды. Жалынды сөндіруге 15 адам мен 4 техника қатысып, тілсіз жау 15.08-де ауыздықталып, 15.16-да сөндірілді. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыған», — дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Куәгерлер мен көршілердің айтуынша, үйде көп балалы отбасы тұрған. Балалардың анасы оларды әжесіне тастап, жұмысқа кеткен. Әжесі болса балаларды соқыр атасының жанына қалдырып, есікті жауып, үйден шығып кеткен.


«Өрттің не себепті шыққаны белгісіз. Ең қиыны анасының бір күнде үш бірдей кішкентайынан айырылуы. Бұл өте үлкен қайғы», — дейді қайғылы оқиға болған отбасының көршісі Екатерина.

Қазіргі уақытта Қарағандының еріктілері балалардың жаназасына көмектесу үшін қаржы жинап жатыр.

«Отбасының күнкөрісі төмен. Анасына балаларын жерлеу үшін көмектесуіміз керек деп ойлаймын. Тұрғындар шамасына қарай көмек қолын созып жатыр. Бұл отбасының қайғысына ортақтасқысы келетіндерге 8 775 729 64 49 нөміріне хабарласуларын сұраймыз», — дейді Шахтинск қаласының волонтеры Лена.

Соңғы жаңалықтар